• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕАЭО-ға дамыған елдерден баж салығынсыз өткізілетін тауарлардың тізімі бекітілді

ЕАЭО-ға дамыған елдерден баж салығынсыз өткізілетін тауарлардың тізімі бекітілді

18 Қаңтар, 2017 10:58
Еуразипялық экономикалық комиссия кеңесі 49 дамыған және 109 даму үстіндегі елдерден Еуразиялық экономикалық одақ аймағына баж салығы 25 пайызға төмендетілген не мүлдем тегін енетін тауарлардың тізімін бекітті.

Тізім  аз-кем дамыған елдерден тауар жеткізуді ырықтандыру бойынша  ДСҰ IX министрлік конференцияның келісімі аясында бекітілді.

Әзірленген тізімге  тарифтік басымдылыққа ие (ет, сүті, балық, бал, өрік, кофе, шай, көкөніс, жеміс-жидек) және аз-кем дамыған елдерде қолжетімділік кеңейтілген тауарлар (қара және түрлі-түсті метал, машина құрастыру   құралдщары) енді.

«Кедендік баж салығынан толық босталған тауарлар 62 пайызды құрады. Болашақта  кедендік баж салығын алып тастауды тауарлардың  97 пайызына жүзеге асыру қарастырылған», -  деді ЕЭК Коллегиясының мүшесі Вероника Никишина.

Барлық жаңалықтар