- Басты
- Жаңалықтар
- Тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркелу онлайн түрде қолжетімді болады
Тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркелу онлайн түрде қолжетімді болады
Ол қызметті пайдалану үшін, тұрғын үй иесі мен онда тіркелу ниетін білдірген азаматта электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы және порталда авторизациядан өтуі қажет.
Қызметтің өзі «Азаматтық, миграция және иммиграция» бөлімінде, «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» қосымша парағында қолжетімді.
«Онлайн қызметіне тапсырыс беру» түймешігін басқаннан кейін, өтініш беруші ұсынылған нысанды толтырады, онда тіркелуге ниетті тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатынын/табылмайтынын көрсетуі тиіс.
Егер де өтініш беруші – жылжымайтын мүлік иесі болса, ол мекенжайды, тіркелу мерзімін (1 айдан 12 айға дейін) көрсетуі тиіс, сонан соң онлайн түрде көрсетілген қызмет үшін мемлекеттік бажды төлеп және ЭЦҚ өтінімге қол қоюы тиіс.
Тұрғын үйдің меншік иесі үшінші тарап болған жағдайда, өтініш беруші меншік иесінің ЖСН-ын, жылжымайтын мүліктің мекенжайын, уақытша тіркелудің мерзімін көрсетуі және меншік иесінің жеке кабинетіне келіп түсетін сұрау салуды жіберуі қажет.
Егер де тұрғын үйдің бірнеше меншік иесі болса, олардың біреуінің ғана деректерін көрсету жеткілікті, қалғандары жүйемен ҚР «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры арқылы автоматты түрде анықталатын болады. Меншік иесі (біреу немесе бірнешеуі) өзінің келісімін ЭЦҚ арқылы растайды, одан соң өтінім тіркелуге ниетті азаматтың Жеке кабинетіне оралып келеді. Оған мемлекеттік баж төлемін онлайн түрде жүргізіп және де өзінің сұрау салуына ЭЦҚ қол қоюы қажет.
Осыдан кейін, өтінім ҚР ІІМ жүйесіне түседі, оның өңделуіне
10 минуттан аса емес уақыт кетеді. Өңделіп болған соң, порталда «Уақытша мекенжайдың тіркелуі сәтті түрде өтті» деген мәребе көрсетіледі. Мекенжай анықтамасын ала отырып, уақытша тіркелу мекенжайын тексеруге болады.
eGov.kz порталында уақытша тіркелу қызметі арқылы балаларды тіркеуге болмайтынын атап өтеміз. Оларды тіркеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» (ХҚКО) мемлекеттік корпорациясының бөлімдеріне жүгіну қажет.
eGov.kz немесе ХҚКО арқылы уақытша тіркелу жөніндегі барлық сұрақтар бойынша азаматтар тегін тәулік бойы жұмыс істейтін Бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шала алады . Барынша сапалы және жылдам қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында, Бірыңғай байланыс орталығында ағымдағы жылдың басынан бері операторлар саны көбейтіліп, олардың жұмыс кестесі қайта қаралды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр