- Басты
- Жаңалықтар
- Астана көшені жарықтандырудың «ақылды» жүйесіне көшеді
Астана көшені жарықтандырудың «ақылды» жүйесіне көшеді
Жоба аясында натрий шамдарды заманауи жарықдиодты шамдарға алмастыру жоспарланған. Қуаттылығын реттеуге болатын шамдардың жалпы саны 25 мыңнан кем болмайды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Жоба авторлары көшелерді жарықтандыруға жұмсалатын электр энергиясын пайдалануды шамамен 50 пайызға азайтып, ақылды жүйенің көмегімен шамдарды қолдануға жұмсалатын қаражатты қысқартады деп отыр.
Сондай-ақ көшелерді жарықтандыру бағаналарында «Заттар Интернеті (IoT)» «ақылды» сервисі енгізілмек. Бұл сервисті іске асыру өзге есептегіштерден мәліметтер жинау үшін бірыңғай сымсыз жүйе, ақпараттық кесте, авариялық көмек түймесі (SOS), фотобейнетіркеу, көлік құралдары ағынын мониторингтеу, қоршаған ортаны мониторингтеу және бақылау, Wi-Fi сынды сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.. тін қолдануғп WLAN, қоршаған ортаны бақылау және мониторинг жүргізу, көліктер ағынын бақылау, арқылы жазу, мүмкіндік береді.
Осылайша, қаланы жарықтандыру мен қосымша сервистер бұл жобаны Smart Astana жалпықалалық жобасының негізгі бағыттарының бірі етері сөзсіз.
Жобаға 4 млрд теңге көлемінде инвесторлардың қаржысы тартылмақ. Астаналық коммуналдық шаруашылық басқармасы жеке әріптестерді тарту бойынша байқау жариялау үшін қажетті құжаттар әзірлеуде.
Astana innovations компаниясының мамандарының айтуынша, жоба биыл іске қосылмақ. Байқау қорытындысы бойынша инвестормен мемлекеттік – жеке меншік әріптестік жөніндегі келісім-шартқа қол қойылмақ.
-
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттай алады, талаптары қандай/Кімдер ПТР тест тапсыруы тиіс -
COVID-19: 6 тамыздағы басты жаңалықтар -
Astana Hub пен ЮНИСЕФ әлеуметтік IT-жобалар конкурсының қорытындысын шығарды -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Тель-Авивте Астана күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті -
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты -
Астана күніне орай медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді -
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды