- Басты
- Жаңалықтар
- Түркиялық кәсіпкерлер ОҚО-ның құрылыс жобаларына инвестиция құюға мүдделі
Түркиялық кәсіпкерлер ОҚО-ның құрылыс жобаларына инвестиция құюға мүдделі
Оңтүстік Қазақстанға инвестиция салуға ниетті «AKAY CONSTRUCTION INC» және «MESCIOGLU muhendislik ve musavirlik a.s.» компаниялары жол құрылысы, тұрғын үй құрылысы саласы мен өлшеу аспаптарын өндіру және өзге де өндірістер саласында жұмыс жасайды.
Басқосуда қос тарап, қалада тұрғын үй құрылысы саласында бірлескен жобалар құруды және басқа өндірістік салаға түркиялық инвесторларды тарту жайын сөз етті. Сонымен қатар, компания басшылары «Shymkent City» кешенінің құрылысына қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.
Айта кетейік, MESCIOGLU компаниясы 10 жылдан бері Ыстамбулдың автомобиль жолдары мен жол қиылыстары басқармасының жобаларын әзірлеп, көпір, өтпежол, тоннель және автобиль жолдары жобасында инжинирингтік қызметтер көрсетіп келеді.
Ал, 1985 жылы құрылған құрылыс компания «AKAY CONSTRUCTION INC» сол жылдар ішінде түрлі әлеуметтік нысандар мен университеттер, үлкен ойын-сауық орталықтарын және 8300 тұрғын үй кешені сынды тағы да басқа ғимараттар салған.
Аталған компаниялар жүргізілетін құрылыстың сапасы жоғары әрі салынатын әлеуметтік үйлердің бағасы төмен болатындығын айтып отыр.Сапар барысында делегаттар «Қазақ-түрік» индустриалды аймағының жұмысымен танысып, облыстың кәсіпкерлерімен кездеседі.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі