- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да Рио-дағы паралимпиада ойындарының қазақстандық жеңімпаздарының суреттері бар маркалар шығарылды
ҚР-да Рио-дағы паралимпиада ойындарының қазақстандық жеңімпаздарының суреттері бар маркалар шығарылды
Пошталық маркаларда Қазақстан Республикасы паралимпиада құрама командасының жүлдегерлері – 2016 жылғы XV Жазғы Паралимпиада ойындарының жүзуден чемпионы атанған Зульфия Габидуллинаның және пауэрлифтинг бойынша күміс жүлдегер Раушан Қойшыбаеваның суреттері белгіленген.
«Филателист-коллекция жинаушылар марканың дизайнын және пошталық маркада көрсетілген оқиғаның маңыздылығын бағалайды деп сенеміз. Бұл дәстүрге айналып, Қазақстанның әрбір Паралимпиада кезеңі алтын медальдармен атап өтілуі мүмкін», - деді Ұлттық Паралимпиада комитетінің атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов.
Әрбір марканың номиналы 200 теңге. Пошталық маркалар «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкноттық фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылған, деп хабарлады ұлттық компания.
Еске сала кетейік, XV Паралимпиада ойындары 2016 жылғы 7-18 қыркүйекте Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен болатын. Жарыстар 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындары үшін пайдаланылған алаңдарда өткен.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады