- Басты
- Жаңалықтар
- 2013 жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 806 км жолы салынды- ККМ
2013 жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 806 км жолы салынды- ККМ
«Қазіргі уақытта «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің жөнделген учаскелерінің жалпы ұзындығы осы жылы қайта құрылған 806 км есепке алғанда 1721 км құрап отыр», - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, ағымдағы жылы Қызылорда облысында 254 км, Оңтүстік Қазақстанда 224 км, Жамбыл облысында 188 км және Ақтөбе облысында 140 км жол құрылысы аяқталды.
2014 жылы, жол құрылыс жұмыстары аяқталған Ақтөбе облысынан басқа төрт облыста 179 км жол құрылысын аяқтап, жол қозғалысын ашу жоспарланып отыр. Осылайша Шымкент қаласынан РФ шекарасына дейінгі және Тараз қаласынан Алматы қаласына дейінгі жол учаскелерінде жол қозғалысы ашылады деп күтілуде.
2014 жылы құрылыс жұмыстарының негізгі көлемі осы жылы қайта құру жұмыстары басталған «Алматы-Қорғас» және «Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы» учаскелерінде болады. Құрылыс жұмыстары жалпы ұзындығы 99 км созылған «Ташкент-Шымкент» жол учаскелерінде де басталады.
Осылайша, 2014 жылдың аяғына дейін құрылыс жұмыстары тек қана шет мемлекеттерге шығу жолдарында жүргізіледі, атап айтқанда Алматы қаласынан ҚХР шекарасына дейін және Жамбыл облысы шекарасынан Өзбекстан Республикасының шекарасына дейін.
Автодәліздің қайта құрылысын 2015 жылы аяқтау жоспарланған.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу