• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жол құрылысшылары жобаларды іске асыру тетіктерін жетілдіруді талқылады (ФОТО)

Жол құрылысшылары жобаларды іске асыру тетіктерін жетілдіруді талқылады (ФОТО)

17 Қаңтар, 2017 17:26
ҚР ИДМ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және 40 ірі ұлттық және шетелдік жол-құрылыс компанияларының басшылары дөңгелек үстел барысында көлік жолы жобаларын іске асыру тетіктерін жетілдіруді талқылады.

«Бүгін біз «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасында қойылған еліміздің көлік жолы саласын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыруға мүмкіндік беретін шешімдер әзірлей отырып, тәжірибе, білім, идеялар алмасу үшін тұғырнама жасаудамыз. Пікір алмасудың осы форматын біздің бірлескен жұмысымыздың қолданыстағы құралына айналдыруға тырысамыз», – деп атап өтті «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ермек Қизатов іс-шараны ашу барысында.

ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан Аблалиев өз сөзінде инфрақұрылымдық жобалар нарығына қатысушылардың арасындағы сұхбаттың маңыздылығын атап өтті.

«Біз бұл алаңды сарапшылар қоғамдастығын құрудың бірінші алаңы ретінде қарастырып жатырмыз, кейін олардың назарына іске асыруға ұсынылатын барлық ұзақ мерзімді жобалар мен оларды іске асыру тетіктері ұсынылатын болады. Біз «ҚазАвтоЖол» осындай бастама жасағанына қуаныштымыз. Бұл бастама қазіргі уақытта көлік жолы саласына өте қажет жаңа серпін алуға көмектеседі», - деді ол.

Сарапшылар «дөңгелек үстел» аясында баяндамаларын оқып, автомобиль жолдарын қаржыландыру, құрылысын салу және пайдаланудың анағұрлым өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ көлік жолдары жобаларын іске асыру кезіндегі жұмыстардың сапасын талқылады, деп хабарлады ұлттық компания.

Дөңгелек үстелге қатысушылар реттеушілер мен салалық қоғамдастықтардың арасындағы сұхбат және жол құрылысында туындаған мәселелерді кәсіптік талқылау салалық шешімдерді пысықтау сапасын жаңа деңгейге шығаратынын атап өтті. Дөңгелек үстел барысында айтылған идеялар мен ұсыныстар осы бағытта одан әрі жұмыс істеу үшін жүйелендірілетін болады.

Ұйымдастырушылар саланың жетекші мамандарын және қоғам өкілдерін шақыра отырып, дөңгелек үстелдер өткізу практикасын жалғастыратынын атап өтті.

Анықтама үшін: 2016 жылы қайта құруды жүргізгеннен кейін Алматы – Қорғас, Алматы – Талдықорған, Бейнеу – Шетпе, Көкшетау – Петропавл, Шымкент – Ташкент, Шымкент – Жамбыл облысының шекарасы бағыттарында 900 шақырымнан астам көлік жолы ашылған. Ертіс және Тобыл өзендері арқылы көпірлер пайдалануға енгізілген. Жалпы ұзындығы 1000 шақырымнан асатын учаскеде күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Барлық жаңалықтар