- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Сағынтаев қазақстандық киноиндустрияны дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді
Б. Сағынтаев қазақстандық киноиндустрияны дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді
Үкімет отырысы аясында «Кинематография туралы» Заң, сондай-ақ Кинематографияны дамыту тұжырымдамасы ұсынылды, бұл құжаттарда отандық киноиндустрияның одан әрі дамуының негізгі бағыттары көрсетілген.
Сонымен қатар отырыс барысында болашақ қазақстандық кинематография туралы осы саладағы белгілі өнер иелері өз пікірлерімен бөлісті. Олардың арасында Халық әртісі Асанәлі Әшімов, кинорежиссер Ақан Сатаев, «Меломан» компаниясының бас директоры Вадим Голенко, режиссер Рүстем Әбдірашев, «Арман» кинотеатрлар желісінің директоры Бауыржан Шүкенов, Қазақстан кинематографистерінің төрағасы Ақан Ибраев, режиссер және продюсер Рашид Нұғыманов бар.
Сөз сөйлегендерді тыңдаған соң Премьер-Министр кинотеатрларға көрермендерді көптеп тарту үшін жоғары сапалы фильмдер түсіру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар ол әсіресе, шалғайдағы елді мекендерде кинозалдар сананың жеткіліксіздігіне назар аударды. Осыған байланысты Б.Сағынтаев әсіресе, моно- және шағын қалаларда осы салаға бизнесті тарту тетіктерін ойластыруды тапсырды.
Премьер-Министр өзінің орынбасары И. Тасмағамбетовке барлық мүдделі тараптармен бірлесе отырып Кинематографты дамыту тұжырымдамасы мен Заң жобасын талқылап, оларды Үкімет қарауына ұсынуды тапсырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді