- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы 30 мың ақтөбелік жұмыспен қамтудың кешенді жоспары игілігін көрді (ФОТО)
2016 жылы 30 мың ақтөбелік жұмыспен қамтудың кешенді жоспары игілігін көрді (ФОТО)
Ол айтып өткендей, 2016 жылы өңірдегі жұмыссыздықтың алдын алу үшін жасалған халықты Жұмыспен қамту бойынша кешенді жоспардың нәтижесінде 29 454 ақтөбелік жұмысқа орналасты.
«Жалпы алғанда, 2016 жылдың қорытындысы жақсы. Әлеуметтік міндеттер толық көлемде орындалған. Еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздар жоқ. 2016 жылы ауылдағы жұмыспен қамту деңгейін қолдау және өсіру үшін 4,1 млрд. теңге бөлінді. Ағымдағы жылы жұмыссыздықпен күресу үшін тағы біраз қаражат бөлінбек. Тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін уәкілетті органдар тарапынан үнемі есепке алып, талдау жасап, қатаң бақылауда ұстау керек»,-деді Бердібек Сапарбаев.
Ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын әрі қарай дамыту мақсатында облыс әкімі өңірде «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының үшінші бағытын жүзеге асыруда экономикалық әлеуеті төмен ауыл тұрғындарын әлеуеті жоғары елді мекендерге көшіруді тапсырды.
Айта кетер жай, 2016 жылы Байғанин ауданының Қазақстан ауылындағы 8 отбасы аудан орталығы Қарауылкелдіге көшірілген болатын. Мұнда оларға баспана беріліп, жұмысқа орналастырылды.
Өңір басшысының тапсырмасымен 2017 жылы облыста «Өрлеу» шартты ақшалай көмек жобасы белсенді жүзеге асырылмақ. Аталмыш жоба, 100 нақты қадам – ұлт жоспары аясында, 2015 жылдың екінші жартысында Ақтөбе қаласында, Мәртөк және Мұғалжар аудандарында пилоттық тәртіпте енгізілген болатын. 2016 жылдың соңына қарай жобаны енгізу аумағы облыс бойынша 100%-ға жетті. Жоба күнкөріс кірісі 60%-дан төмен аз қамтылған отбасыларға шартты ақшалай көмек көрсетуді қарастырады. Бұл ретте олар әлеуметтік келісім-шартқа қол қойып, жұмыспен қамту шараларына белсенді қатысуы тиіс.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының айтуынша, аталмыш жобаға қатысудың нәтижесінде көмек алушылардың жан басына шаққандағы кірісі үш есеге көбейді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары