- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбенің жолдарын қыс мезгілінде қамтамасыз етуге 910 млн теңге бөлінді
Ақтөбенің жолдарын қыс мезгілінде қамтамасыз етуге 910 млн теңге бөлінді
Ақтөбе қаласының жол қозғалысы қауіпсіздігін және көлік қозғалысында кептеліс болмау мақсатында қыс мезгілінде жолды күтіп ұстау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Қызмет етілетін жалпы аудан аумағы 3,7 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде 200 қала көшелері, айналма автокөлік жолдары, қалаға қарасты Құрайлы, Жаңақоныс, Сазды, Қарғалы және Благодар 5 ауылдық округ жолдары, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы.
«2017 жылдың қысқы кезеңінде жолдарды күтіп ұстау үшін қала бюджетінен 910 млн. теңге бөлініп және барлығы 14 арнайы мердігер,260 бірлік техника жұмылдырылды. Мердігерлермен жаяу жүргінші жүретін жолдарды қардан тазалау, қысқа дайындық кезінде жолдарды көктайғақ болмау мақсатында 1500 тонна құм аралас тұз және 500 тонна тұз материалдары дайындалып осы уақытта себілуде, қар шығару және де қала аумағын қоқыстан, жаяу жүргінші жолын тазарту жұмыстары жүргізілуде», - деді Нағымжан Алдяиров.
Қазіргі таңда Мәскеу, Құрмыш, Шанхай аудандырының көшелерінен жаппай қар шығарылуда. Тазартылған көшелердің саны 30-дан астам. Қар шығару жұмыстары су тасқынына қарсы шаралардың ең басты бағыты болғандықтан қатаң бақылауда. Қыс мезгілінің басынан қала көшелерінен 120 000 текше метрден астам қала полигондарына қар шығарылды.
Сонымен қатар жиектас аумағын қардан тазалау жұмыстары үшін мердігерлік мекемелерден 24 жұмыс бригадасы 6-7 адамнан жұмылдырылған, оның ішінде 9 бригадасы түнгі ауысымда жасайды. Түнгі ауысымда алдымен көпірлер, қиылыстар мен орталық көшелердің жиектас алаңдары тазартылады.
Сондай-ақ, қала көшелерінде және аталған 5 ауылдық округтерде төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында, тәулік бойы кезекшілік машиналар мен жауапты тұлғаларды мердігер мекемелер қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, қала әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың жауапты қызметкерлерінен құралған мобильдік топ жұмыс жасауда. Топтың негізгі мақсаты қала аумағында орналасқан барлық шағын және орта бизнес нысандары ғимаратарының алдында қар үйінділерін болдырмау және қарды уақытылы қар полигондарына шығару.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді