- Басты
- Жаңалықтар
- Премьер-Министр Универсиадаға қатысты бірқатар тапсырмалар берді
Премьер-Министр Универсиадаға қатысты бірқатар тапсырмалар берді
Премьер-Министр Универсиадаға әзірліктің соңғы кезеңі жүріп жатқанын және осыған байланысты ұйымдастырушылық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.
Алматы әкімдігіне Инвестициялар және даму министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып қауіпсіздік талаптары мен стандарттарына сәйкес Универсиаданың жаңа нысандарының жұмысы мен көлік логистикасының барлық мәселелерін егжейлі-тегжейлі пысықтау мәселесі тағы бір тапсырылды.
Ішкі істер министрлігіне адамдар көптеп жиналатын нысандарда, қонақ үйлерде, сондай-ақ басқа да қоғамдық орындар мен қала көліктерінде өрт қауіпсіздігі жағдайына бақылауды күшейту тапсырылды.
«Жалпы, ІІМ қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бойынша барлық мәселелерді пысықтауды тапсырамын», - деді Б. Сағынтаев.
Сонымен қатар, Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне ақпараттық-имидждік жұмыстарға ерекше назар аудару тапсырылды. Бұл жарыстарды, жаңалықтар блоктарын трансляциялауға да, журналистердің жұмысын қамтамасыз етуге де қатысты.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Универсиада кезінде медициналық қызмет көрсетуді тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.
«Барлық министрліктер мен ведомстволардың басшыларынан ат салысып, қажетті көмекті көрсетулерін сұраймын», - деп нақтылады Б. Сағынтаев.
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
COVID-19: Қазақстанда эпиджағдайға қатысты болжам өзгерді