- Басты
- Жаңалықтар
- Сеулде Жібек жолы бағытының мүмкіндіктері таныстырылды
Сеулде Жібек жолы бағытының мүмкіндіктері таныстырылды
Презентация «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниялар тобының логистикалық блоктың өкілдерімен таныстырылып, Ляньюнган портындағы қазақстандық-қытайлық бірлескен терминалының басшылары, Ляньюнган теңіз порты әкімшілігінің логистика және контейнерлеу жөніндегі вице-президент Чжан Цзыян, DP World компания мамандарының қатысуымен өтті.
Іс-шарада Оңтүстік Корея қоғамдастығының өкілдері, яғни жер, көлік және теңіз министрлігі, теміржол корпорациялары – KORAIL, HYUNDAI, KIA Motors, LG, Lotte, SJ Logistics Group мен басқа да машина жасайтын, сауда-логистикалық ірі компаниялар қатысты.
Логистикалық бизнестің экспорттаушылары мен уәкілдері Қазақстан мен оның серіктестіктерінің логистикалық жүйесін тарту арқылы Жаңа Жібек жолы бағытында тасымалдаудың бәсекелестік артықшылықтары мен перспективалары жайында хабарланды.
«Ляньюнган портындағы қазақстандық-қытайлық терминал мен «Қорғас-шығыс қақпасы» АЭА көлік-логистикалық инфрақұрылымы Қазақстан арқылы Еуразияның әлемдік экономикасының ірі нүктелерін біріктіретін, көлік-логистикалық тізбектерді ұйымдастырудағы жүк айналымын ңығайтатын орталықтар ретінде таныстырылады» - деді өзінің сөзінде «KTZ Express» АҚ атқарушы директоры Сергей Анашкин.
Қатысушылар Қазақстан мен Қытай логистикалық инфрақұрылымы арқылы Жібек жолының логистикалық мүмкіндіктерін пайдалану өз тауарларын Еуропа, Түркия, Иран және де Орталық Азия елдеріне жылжыту мүмкінділігіне қызығушылық білдірді.
Сонымен қатар семинар аясында екі жақты келіссөздер ұйымдастырылып, осы бағыттағы логистикалық сервисті анықтау мен оны дамыту бойынша бітімге келді.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
«Kazakhstan Project Management Awards 2021» байқауы: Мүмкіндіктері мен артықшылықтары -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам»