• Басты
  • Жаңалықтар
  • Универсиаданы өткізу қауіпсіздігі жоғары деңгейде қамтамасыз етіледі - ІІМ

Универсиаданы өткізу қауіпсіздігі жоғары деңгейде қамтамасыз етіледі - ІІМ

17 Қаңтар, 2017 12:48
7,5 мыңнан астам құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметкерлер Алматыда өтетін Универсиада-2017 кезінде қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Бұндай сандар кезекті Үкімет отырысында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың баяндамасында айтылды.

ІІМ басшысының айтуынша, 20 қаңтардан бастап Атлетикалқ ауыл аумағында 50 қызметкері бар полиция бөлімі ашылады. Бүкіләлемдік Универсиадаға қатысушылар мен оның қонақтарының қауіпсіздігін 7,5 мыңнан астам құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметкерлер, оның ішінде 150 кинолог пен жарылғыш заттар бойынша мамандар қамтамасыз ететін болады. Төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында өрт қауіпсіздігі қызметінің 600 қызметкері, 63 техника, 4 ұшақ тәулік бойы қызмет ететін болады.

Студенттер ойынының барлық нысандарында тексеру жабдықтары жүйелері орнатылып, тестілеуден өткізілді. Жұмысқа 96 аркалық және 27 рентгендік-телевизиялық қондырғы, 2000 бейнекамера әзірленді, оның ішінде 182-сі – Шұғыл басқару орталығына шығарылады.  

«Жалпы, Универсиаданы өткізу кезінде қажетті құқықтық тәртіп қамтамасыз етіледі», - деді ведомство басшысы.

Еске салайық, бүгін Үкімет отырысында Алматыда 29 қаңтарда басталатын 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға әзірлік барысы қарастырылды.

 

Барлық жаңалықтар