Астанада Ботаникалық бақ ашылады

17 Қаңтар, 2017 20:41
Құрылысы 2016 жылы басталған Ботаникалық бақ 2017 жылдың соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ботаникалық бақта ғылыми әзірлемелер жүргізіліп, танымдық, оқу-ағартушылық, көңіл көтеру, экологиялық және табиғат қорғау шаралары өткізіледі.

Бұл жерде тағамдық, техникалық, дәрілік, декоративтік өсімдіктердің экспозициялары құрылатын болады, бұл ағаштар, бұталар, лианалар, шөпті өсімдіктер, мүк, қына.

Елорда тұрғындары мен қонақтары Ботаникалық баққа жыл бойы келе алады. Нысан 100 га ауданда Қабанбай батыр даңғылы, Түркістан көшесі, № 24 және № 26 көшелердің шекараларында орналасатын болады.

 

Барлық жаңалықтар