- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында өңірлік бағдарлама аясында 175 жаңа жұмыс орны ашылды
Қызылорда облысында өңірлік бағдарлама аясында 175 жаңа жұмыс орны ашылды
Бүгінде шағын және орта кәсіпкерліктің ең басты қажеттілігі – ол қаржыландыру екені белгілі. Сондықтан Қызылорда облысының әкімдігі мен «Даму» Қоры бірлесіп шағын және орта бизнесті қолдауға 1,5 млрд теңге қаражат бөлген болатын. Өңірлік бағдарлама аясында аймақтың кәсіпкерлері 8,5% үстемемен 180 млн теңгеге дейінгі несие қаражатын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Казкоммерцбанк» АҚ секілді екінші деңгейлі банктерден алуға болатын бірегей мүмкіндікке ие болды, деп хабарлады «Даму» Қорының баспасөз қызметі.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін аймақтық қаржыландыру бағдарламасының тиімділігін пайдаланған кәсіпкерлердің бірі - «Спортмастер СБ» ЖШС компаниясының директоры Бауыржан Махмутов. Ол «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 8,5% үстемемен 20 млн теңге көлемінде алған несие қаражатын «Арай» мөлтек ауданында спорттық кешен ашуға жұмсады. Жас стартапшы несие қаражатына қол жеткізу мақсатында «Даму» Қорының бөлшек кепілдендіру бағдарламасын да пайдаланды.
Ескере кетсек, облыс Әкімдігі мен Қор арасында 2017 жылы ынтымақтастықты жалғастыру туралы меморандумға қол қойылған болатын. Үстіміздегі жылы да өңірлік бағдарлама аясында кәсіпкерлер үшін 180 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие қолжетімді болды.
Негізгі құралдары қайта жаңғырту мақсатындағы несиені 60 айға дейін берілсе, ал айналым қаражатын толтыруға 36 айға дейін мерзімге несие алу мүмкіндігі қарастырылған. Несиені кепілдендіру мөлшері жетіспеген жағдайда кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясындағы бөлшек кепілдендіру құралын пайдалана алады. Кепілдендіру мөлшері әрекет етуші кәсіпкерлер үшін 50%, ал бастауыш кәсіпкерлерге – несие сомасының 85% дейін қарастырылған.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары