- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да 2016 жылы қылмыс саны 18,9%-ға төмендеді
СҚО-да 2016 жылы қылмыс саны 18,9%-ға төмендеді
Ол айтып өткендей, есептi кезең iшiнде жолда жүру ережесiнiң 88 812 бұзу әрекеттерi анықталды.
Өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов әкiмшiлiк айыппұлдарды төлету бойынша жұмысты күшейтудi тапсырды.
«Жалпы көрсеткiштер жақсы. Бiр жылы iшiнде барлық бағыттар бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткiздiк. Қажеттi қолдауды көрсетiп жүрмiз, сондықтан оны тиiмдi пайдалану қажет», — деп атап өттi облыс әкiмi.
Жиын барысында «Б корпусының» әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметкерлерiнiң кешендi аттестациясын өткiзу мәселесi қарастырылды. Бұл мәселе жайында Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң басшысы Ғалым Тұрсынбаев мәлiмдедi.
Мекеме басшысы аттестацияны өткiзу мерзiмдерi мен өткiзу тәртiбi туралы хабарлап, бұл емтиханнан босатылатын қызметкерлер санатын атап өттi.
Сондай-ақ, аппараттық кеңес барысында қатысушылары азаматтардың тiркеу мәселесi бойынша заңнама нормаларын түсiндiру жұмыстарын талқылады.
Бұл мәселе бойынша көшi-қон полиция басқармасының басшысы Еркетай Тұтқышев баяндады.
Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында адамдардың көп жиналмауы мен қарбаластықты болдырмау үшiн шаралар қолданылды. Жалпы жыл басынан тiркеу орнынан 5070 адам, оның iшiнде тұрақты тұрғылықты жерi бойынша 2900, уақытша мекендеу бойынша 2170 адам тiркелген.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты