- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда 2017 жылғы Универсиада қарсаңында жаңартылған навигация жүйесі енгізілді
Алматыда 2017 жылғы Универсиада қарсаңында жаңартылған навигация жүйесі енгізілді
Универсиада дирекциясы хабарлағандай, спорт нысандары және оларға көлік қозғалысының бағдарлары туралы ақпарат жеке жобалау белгілерінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетілген.
Жол белгілерінің дизайны өткізілетін жарыс түрлері бойынша спорт нысандарының бағдарламалары мен жарыстардың бекітілген логотипін қамтиды. Бағдар бойынша бейімделу белгілері спорт құрылыстарына, көлік инфрақұрылымы нысандарына (т/ж вокзалдары және «Алматы» халықаралық әуежайы), Универсиада спортшылары мен қонақтары демалатын және тұратын орындарға өтудің оңтайлы бағдарларында орналасқан.
Сондай-ақ навигация жүйесіне Алматы қаласының медициналық мекемелері кірді: №4 қалалық клиникалық аурухана, №7 қалалық клиникалық аурухана т.б.
Болжамдарға сәйкес, Универсиадаға қатысушылардың 90%-ы Алматы қаласының халықаралық әуежайына тікелей әуе рейстерімен келеді.
Бұдан бөлек, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, Момышұлы көшесінде, «Алматы Арена» спорт кешенінің оңтүстігіне қарай бағдаршам нысаны орнатылған. «Алматы Арена» спорт нысанының солтүстігіне қарай бос орындардың бар екені туралы ақпараттандыратын электронды табломен жарақтандырылған қосымша автотұрақ дайындалған.
-
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек