• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев пен IRENA агенттіктің бас директоры ынтымақтастықтың басты бағыттарын талқылады

Н.Назарбаев пен IRENA агенттіктің бас директоры ынтымақтастықтың басты бағыттарын талқылады

16 Қаңтар, 2017 17:49
Нұрсұлтан Назарбаев Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Аднан Әминмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарына қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысы IRENA агенттігінің көптеген елдердің жаңартылатын энергетика саласындағы күшін жұмылдырушы ретіндегі  рөлін атап өтті.  

Тараптар серіктестік қарым-қатынастардың табысты дами беретініне сенім білдірді.

Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік 2009 жылы қаңтарда құрылды. Қазіргі уақытта оның жарғысына барлық континенттің 140-тан астам елі қол қойған.

 

 

Барлық жаңалықтар