• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2013 жылдың 11 айында ҚР бюджетіне 1,19 трлн теңге кедендік төлем мен салық түсті

2013 жылдың 11 айында ҚР бюджетіне 1,19 трлн теңге кедендік төлем мен салық түсті

12 Желтоқсан, 2013 11:42
2013 жылдың 11 айында республиканың кедендік органдары тарапынан 1,19 трлн теңге көлемінде кедендік төлем мен салық салынды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

«2013 жылдың 11 айында республиканың кедендік органдары тарапынан 1,19 трлн теңге көлемінде кедендік төлем  мен салық салынып, өткен жылғы осындай уақытпен салыстырғанда 145,3 млрд теңгеге артты», - делінген хабарламада.

Жыл соңына қарай алдын ала болжам бойынша кедендік алымдардан түсетін сома 1,339 трлн теңгені құрамақ.

Сонымен қатар, 2013 жылдың 11 айында Кедендік органдар тарапынан 620 қылмыстық іс қозғалған. Соның ішінде 422 іс экономикалық контрабанда, 29-ы кедендік алым мен салықтан жалтару, 53-і тыйым салғынған нәрселерді алып өту әрекеттері бойынша.

Қылмыстық іс қозғалған валюта мен тауар құны 10 млрд 716 млн теңгені құрайды.

Естіріңізге сала кетейік, 12 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Кедендік органының құрылған күні болып табылады.

«Біздің ведомствоның басты жетістігі кедендік органдардың көпқызметті жүйесін құру. Ол өз кезегінде әлемдік экономикада елдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сауда-экономикалық қатынастардың артуына мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар