- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысының филологтары үш тілде білім беру бойынша тәжірибе алмасты (ФОТО)
Ақмола облысының филологтары үш тілде білім беру бойынша тәжірибе алмасты (ФОТО)
Облыс әкімдігі хабарлағандай, семинарға Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы өкілдері, үштілді білім беру элементтерін пилоттық режимде енгізуші білім беру ұйымдары мұғалімдері қатысты.
Семинарды педагогикалық ғылымдар кандидаты, облыстық оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары Кушпаева Гульнар Буркутбайқызы ашты.
Үштілді білім беру шеңберіндегі білім берудің барлық деңгейлерінде, соның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру саласында Бірыңғай стандарт әзірлеу есебінен үш тілде білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында келесі шаралар қарастырылды және іске асырылды (олардың кейбіреулері):
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруде кәсіптер мен мамандықтарды Жіктеуішіге жаңа біліктер енгізілді: «Мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшынша білімі бар тәрбиешісі», « Ағылшынша білімі бар бастауыш білім берудің информатика пәні мұғалімі», «Ағылшынша білімі бар математика пәні мұғалімі», «Ағылшынша білімі бар физика пәні мұғалімі»
«Жол картасы» аясында үштілді білім беруді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді, онда нормативтік базаны жетілдіру, әдістемелік және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, ақпараттық сүйемелдеу, үштілділікті тарату және кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларға қатысты мәселелер қарастырылады.
2016 жылдың қараша айында Ақмола облысында "Кәсіпқор" Холдингі» КЕАҚ Көкшетау қ. № 1сервистік-техникалық колледжінің базасында арнайы пәндерді оқытатын мұғалімдер үшін «Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылып, өткізілді.
Семинардың пленарлық және практикалық бөлімінің жұмысы барысында колледждерде үштілділіктің элементтерін енгізудің проблемалары мен перспективалары талқыланды. Көкшетау қ. дарынды балаларға арналған № 1 облыстық мектеп–интернаты "Қазақ-түрік" лицейінің математика пәні мұғалімі Р. Сауытбай және Көкшетау қ. дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мектеп-интернатының (оқыту қазақ тілінде) химия пәні мұғалімі Ә.Омарова сабақтарда үштілділік элементтерін енгізу әдістемесімен бөлісті.
Көкшетау қаласы № 1 сервистік-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы А. Абдульманова «Курстан жаңалықтар: «Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістері» тақырыбы бойынша баяндама жасап, ақпаратымен бөлісті.
Семинарды қорытындылай келе, қатысушылар: көптілді білім беруді енгізу, ең алдымен болашақ еңбек қызметінде коммуникативтік дағдыларын дамыту және қолдану үшін қазақ және ағылшын тілдерін іс жүзінде меңгеруге ықпал етуі тиіс деген пікірге келді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады