- Басты
- Жаңалықтар
- Астана Операда «Қыз Жібек» операсының премьерасы өтеді
Астана Операда «Қыз Жібек» операсының премьерасы өтеді
Тұсаукесер 10 және 11 ақпанда өтеді. Отандық классикалық өнердің тарихында Симфониялық оркестрмен бірге операда алғаш рет қазақтың ұлттық аспаптары қолданылады.
Қоюшы режиссер – Беларусь Үлкен театры мен Самаралық опералық театрдың бас режиссері Михаил Панджавидзе (Ресей), жаңа музыкалық редакцияның авторы, қоюшы дирижер – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов. Костюм және сценография суретшілері – Софья Тасмағамбетова және Павел Драгунов. Режиссердің ассистенті – Ерен Тойкенов, кеңесші – PHD докторы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Асқат Майемеров.
Қазақтың тұңғыш операсы – Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібегі» 1934 жылы қойылған. Либреттосын аса көрнекті халық жазушысы Ғ. Мүсірепов, халықтың аттас лиро-эпостық поэмасын негізге ала отырып жазған. Туынды қазақ халқының поэзиялық мұрасының бар әсемдігін жиған.
Бұл Жағалбайлы мен Шекті руларынан шыққан қос ғашық – айбынды жауынгер Төлеген мен сұлу Жібектің арасында өрбіген жүрек тербетер махаббат жайлы оқиға. Рулар арасындағы қарама-қайшылық, сондай-ақ Бекежанның қызғанышы қайғылы жағдайға әкеліп соғады. Төлеген қарсыласының қолынан мерт болады.
Айта кетерлігі, бастапқыда спектакль қазақтың белгілі күйлері мен әндерінің музыкалық цитатасымен қатар, опера әншілері драмалық спектакльдегідей сахнада тұрып әңгіме түрінде жүргізетін диалогтардан құралды. Сол себепті, аталған шығарма операға емес, көбіне музыкалық-драмалық жанрға келетін. Жаңа музыкалық редакцияда маэстро Абзал Мұхитдинов әңгіме түріндегі диалогты музыкалық речитативпен ауыстырып, Е. Брусиловский сияқты қазақтың белгілі әндері мен күйлерінің музыкасын пайдалана отырып тағы бірнеше эпизод қосты.
«Е. Брусиловскийдің музыкасы принциптік тұрғыда өзгерген жоқ. Мұнымен қатар, біз спектакльдің бұған дейінгі белгілі қойылымдарда қолданылмаған бірнеше музыкалық номерін қайта қостық. Жаңа редакциядағы опера формасы жағынан да, мағынасы жағынан да өте серпінді. Енді музыкалық речитатив пайда болғаннан кейін, солисттер, сәйкесінше, өздерін жайлы сезінеді, неге десеңіз, вокалшыларға қарағанда өзін-өзі көрсетудің мүлдем басқа әдіс-тәсілдерін қолданатын драмалық актердің кейпін киюдің қажеттілігі жоқ. Қазақтың сөз орамының ырғағы мен екпіні операда нотамен белгіленді, сондықтан оны кез келген кәсіби вокалшы, тіл білмейтін адам да орындай алады. Операның партитурасы айтарлықтай өзгеріске ұшырады – қолжазба кезіндегі қателер сөзсіз түзетілді, оркестрге анағұрлым ыңғайластырылды. Клавирі мен партитурасы толық сәйкестендірілді, енді опера опералық жанрдың барлық талабына сай келеді», - деді сөзін түйіндеген қоюшы дирижер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.
Маэстро бұрын-соңды болмаған балалар хорын қосты, сонымен қатар ұлттық аспаптарды жеке һәм «Астана Опера» Симфониялық оркестрімен бірге ойнайтындай етіп пайдаланды. Осылайша классикалық аспаппен қатар, тыңдарман халық аспаптарын - домбыраны, қылқобызды, шаңқобызды, жетіген мен кернейді тамашалайды.
Өзінің бірегей стилистикасымен және опералық материалмен өзгеше жұмыс жасайтындығымен ерекшеленетін қоюшы режиссер Михаил Панджавидзе, көрерменді бұл жолы да таң қалдырғысы келеді.
Қазақ халқының дәстүрімен, мәдениетімен һәм тұрмысымен жіті танысқан Беларусь елінде жұмыс жасайтын ресейлік режиссер, «Қыз Жібек» операсына қызыға кірісті. Бұл оның Қазақстанда ұлттық опера қоюдағы алғашқы жұмысы болғанмен, Панджавидзе елордалық көрерменмен және қазақстандық опера әншілерімен әлдеқашан таныс: ол 2010 жылы К. Бәйсейітова ат. театрда Ж. Оффенбахтың «Гофман ертегілері» операсын қойған.
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Ерлан Қиясов: Қазақстан 23 күн бойы «қызыл» аймақта тұр -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді