- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да ерекше балалар мамандық ала бастады (ФОТО)
ШҚО-да ерекше балалар мамандық ала бастады (ФОТО)
Жаңадан келген тәрбиеленушілер қысқа мерзімге қарамастан, жақсы бейімделіп, айналадағыларымен достасып үлгерді. Жобаға бастама етуші облыс әкімі Даниал Ахметов, деп хабарлады ШҚО Ақпарат орталығы.
Интернаттағы барлық үй-жайлар тұтқалармен, көтергіштермен, төсек маңындағы үстелдермен жарақтандырылған. Балалар педагогтер мен докторлардың мұқият қадағалауымен бейімделуде. Сондай-ақ олардың жай-күйін психолог бақылайды.
«Ақниет» интернаты олар үшін көп дос табатын, әлеуметтік қоғамда өмір сүруге үйренетін, қиындықтарды өз бетінше жеңетін екінші үйлеріне айналуы тиіс.
«Бізді балалардың бейімделіп жатқаны қуантады. Олар ашық – бұл ең бастысы. «Ақниет» қабырғасында олар қажеттінің барлығымен қамтамасыз етілген. Мектеп пен сабақтардан кейін оларды үйірмелер мен емдік шаралар күтеді. Оларда серуендеу үшін де уақыттары бар. Ата-аналарымен күн сайын телефон арқылы сөйлеседі, олар өз балаларын кез келген уақытта көре алады. Тұру, емделу, тамақтану – барлығы тегін. Облыс басшылығы, әкімдік үнемі қолдау көрсетеді», - деп атап өтті мектеп-интернаттың директоры Светлана Кривицкая.
Мекеме 100 орынға арналған. Мұндағы балалар Шығыс Қазақстанның әр түрлі қалалары мен аудандарынан келген. Үшінші тоқсанда олардың жартысынан астамы Өскемен қаласының №15 орта мектебіне барған.
Жоғары сынып оқушылары мамандық таңдау алдында. Интернатта және Өскемен мектептерінде оларға бухгалтер, ЭЕМ операторы, бағдарламашы, аудармашы, кітапханашы мамандықтары ұсынылуда.
Медициналық қызметтер спектрі әрқайсысы үшін жеке көрсетіледі. Логопед, дефектолог, тифло-, сурдопедагог және басқа мамандардың кабинеттерінде оларға коррекциялық қолдау көрсетіледі. Емдік дене шынықтыру және массаж бойынша сабақтар өтеді. Сондай-ақ балалар шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту бойынша сабақтарға да қатысуда.
Қалалық және облыстық байқауларға қатысу да жоспарда бар екенін атап өту қажет.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек