- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен БАӘ елдегі инфрақұрылым жобаларын бірлесіп қаржыландырады
Қазақстан мен БАӘ елдегі инфрақұрылым жобаларын бірлесіп қаржыландырады
Ерболат Досаевтың топтың бас жетекшісінің орынбасары және қордың дамушы секторы жөніндегі бас жетекшісі Валид Аль Мокарраб Аль Мухаиримен кездесуі барысында «Mubadala Development Company PJSC» ұлттық әл-ауқат қорымен серіктестік туралы мәселе талқыланды, деп хабарлады Холдингтің баспасөз қызметі.
Тараптар Қазақстан Республикасы аумағында және басқа басымды нарықтарда «Бәйтерек» холдингісінің құрылған «Kazakhstan Infrastructure Fund C.V.» қоры «Kazyna Capital Management» АҚ еншілес ұйымы арқылы да, басқа тетіктерді пайдаланумен де инфрақұрылымдық және өзге де жобаларды бірлесіп қаржыландыруды көздейтін бірлесіп инвестициялау туралы келісімге қол қойды.
«Бірлескен бастамамыз – инфрақұрылымдық және индустриалдық жобаларды іске асыруды одан әрі дамыту мақсатында біз өзара инвестициялық платформа құруды жоспарлаудамыз», - деді Ерболат Досаев.
Ерболат Досаев «Mubadala» қорының дамушы нарықтардағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру бойынша бай тәжірибесі және «Бәйтерек» холдингі компаниясы тобының отандық экономиканы әртараптандыру бойынша белсенді қызметі Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі ұзақ мерзімді дамытуға ықпал ететіндігін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды