ОҚО-да 2013 жылы суармалы алқап 12 есеге артты – А.Мырзахметов

12 Желтоқсан, 2013 11:16
Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы секторында тамшылап суару алаңы 12 есеге өсті, деп мәлімдеді облыс әкімі Асқар Мырзахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

«10 ай ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 275,7 млрд теңгені құрап, 7 млрд-қа өсті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, республика бойынша облыстың үлесі 2 орынға шықты. Тамшылап суару технологиясын қолданатын алаң 2,1 мың гектардан 26,1 мың гектарға артты», - деді А. Мырзахметов.

Бұдан бөлек, тамшылап суару жерлерін арттыру мақсатында арнайы шаралар жоспары бекітілді, соған сай 292 гектар жер қосылмақ.

«Өткен жылы облыста бау-бақша өнімін жинаудың рекордтық көрсеткіші алынды. Биыл 2,2 млн теңгенің астығы жиналып, өткен жылмен салыстырғанда 250 мың тоннаға артты. Биыл қопсыту технологиясымен 13 мың гектар жерге мақта егілді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3 есеге артық», - деді облыс басшысы.

Оның айтуынша, облыста жыл сайын 150-170 тектар жерге жылыжайлар салынады. Бұлардың барлығының жалпы аумағы 720 гектарға жетеді.

Биыл осы жылыжайлардың арқасында 150 мың тонна көкөніс алынды. Өңдеу көлемі 28% артып, 109,5 млрд теңгені құрады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар