• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: 5 жобаны жүзеге асыру Кентауда 125 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді

ИИДМБ: 5 жобаны жүзеге асыру Кентауда 125 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді

14 Қаңтар, 2017 11:34
2017 жылға Кентау қаласының әлеуметтік экономикалық жағдайын арттыру мақсатында республикалық және облыстық бюджеттен 9 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Кентау қаласының индустриялды аймағында бүгінде жалпы құны 1878,5 млн. теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асыру қолға алынған.

4,85 га жер теліміне орналасқан «ЮгЭлектроПривод», «Электродеталь», «Бесқасқа» жауапкершілігі шектеулі серіктестері мен «Е.Ауэзов», «Кенмед» жеке кәсіпкерліктерінде 125 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Аталған қаржының  400 млн. теңгесі  қаладағы 5 қабатты 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысына жұмсалады. 103 млн. теңгесі білім беру саласына қарастырылған.

Оның 100 млн. теңгесі Кентау көпсалалы колледжінің 300 орындық жатақхана құрылысын бастауға бөлінді. 541 млн. теңге шаһардың тозығы жеткен ауыз су жүйелерін қайта құру мақсатында 2 нысанның құрылысына, 400 млн. теңге Қарнақ елді мекендегі су құбырларын тартуға бағытталады. 229 млн. теңге «Болашақ», «Батыс», «Жұлдыз» шағынаудандарының инженерлік инфрақұрылымының құрылысын аяқтауға, 195 млн. теңге Бейнеу-Бозай газ құбырынан Кентау қаласын табиғи газ жеткізу мақсатында №14 автоматты газ реттеуші стансасының құрылысын аяқтауға жұмсалады.

 Сонымен қатар, елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 5 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 103 млн. теңге қарастырылуда. Нәтижесінде, Кентау қаласы мен 7 елді мекендегі  89 мың халық табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.

Барлық жаңалықтар