• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жекешелендіру жоспары республикалық бюджетті 8415 млн теңгеге толықтырды – Қаржы министрлігі

Жекешелендіру жоспары республикалық бюджетті 8415 млн теңгеге толықтырды – Қаржы министрлігі

13 Қаңтар, 2017 18:23
2014 - 2017 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 718 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2017 жылдың қаңтардағы кезеңінде 602 объекті жекешелендіруге жатады, деп Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

 2017 жылдың 10 қаңтардағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 557 объекті шығарылды, оның ішінде 394 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 25, коммуналдық меншік бойынша - 201, ӘКК - 97, холдингтер бойынша - 71.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 8 415 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 16 958 млн. теңгеден астам, Холдингтер 73 600 млн теңге, ӘКК 6 760 млн. теңге.

Республикалық меншік бойынша  барлығы 2014-2017 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 56 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2017 жылдың қаңтардағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 35 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 10 қаңтардағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 35 объекті шығарылды, оның ішінде 25 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша  барлығы 2014 - 2017 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 353 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2017 жылдың қаңтардағы кезеңінде 288 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 10 қаңтардағы жағдайы бойынша 269 объекті шығарылды, соның ішінде 201 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2017 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 144 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2017 жылдың қаңтардағы кезеңінде 129 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 120 объекті сатуға қойылды, 97 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша  2014 - 2017 жж. арналған сату Кестесі бойынша 165 объекті жекешелендіруге жатады, 10 қаңтардағы жағдайы бойынша жоспарланған 150 объектінің 133 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 71 объект сатылды.

Барлық жаңалықтар