• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысында 2016 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 435,3 млрд теңгені құрады

Павлодар облысында 2016 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 435,3 млрд теңгені құрады

13 Қаңтар, 2017 17:52
2016 жылғы қаңтар-желтоқсандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 435,3 млрд. теңгені құрады, немесе 2015 жылға 92,9%-ды құрады. 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда инвестиция жұмсаудың негізгі көздері меншікті қаражаттар болды, 227,5 млрд. теңгені құрады, немесе жалпы инвестиция көлемінің 52,3%-ын құрады, деп хабарлады облыстық статистика департаменті.

2016 жылғы қаңтар-желтоқсандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 168,1 млрд. теңге құрады, нақты көлемінің индексі – 91,8%.Тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 184,5 мың шаршы метр пайдалануға берілді, немесе 2015 жылға 112,1%-ды құрады.

 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1369,7 млрд. теңгені құрады, нақты көлемінің индексі – 101,3%. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда нақты көлемінің индексі 146,9%, өңдеу өнеркәсібінде – 98,2%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 98,3%, суды жинау, өңдеу және бөлуде – 102,1%, кәріз жүйесінде – 101,4%, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату бойынша – 98,1% құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің қызмет түрлерінің бөліктері мынаған сай келеді, 66,1% – өңдеу өнеркәсібіне, 17,8% – электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауға, 15,3% – кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуға, 0,3% – суды жинау, өңдеу және бөлуге, 0,1% – кәріз жүйесіне және 0,3% – қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жаратуға.

2016 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 171,1 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 105,3% құрады, соның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 83,2 млрд. теңге, нақты көлем индексі 111%, мал шаруашылығы бойынша тиісінше 87,8 млрд. теңге және 99,9%.

 2016 жылғы қаңтар- желтоқсандағы жүк айналымының көлемі 32,8 млрд. ткм, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,1%-ды құрады.2016 жылғы қаңтар-желтоқсандағы бөлшек сауда көлемі 305 млрд. теңгені құрады, нақты көлемінің индексі – 101,4%.

  Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 428,7 млрд. теңгені құрады, нақты көлемінің индексі – 61,5%. 

Барлық жаңалықтар