- Басты
- Жаңалықтар
- «KazakhStan for Peace» жастар қозғалысы Қазақстанға бірегейлікті алып келді – Денисенко (БЕЙНЕ)
«KazakhStan for Peace» жастар қозғалысы Қазақстанға бірегейлікті алып келді – Денисенко (БЕЙНЕ)
«Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығында толеранттылық пен әр түрлі мәдениет пен көзқарастың нышанына айналды.Дін ерекше орынға ие және ерекше көңіл бөлгенді қажет етеді. «KazakhStan for Peace» экстремизмге қарсы күрес жастар қозғалысы – Қазақстандағы бірегей және Орталық Азиядағы алғашқы ұйым», - деді Ю.Денисенко.
Жобаның мақсаты діни экстремизм мен жастар арасында «тең-теңімен» принципі бойынша деструктивті діни әсер етуге қарсы алдын алу шараларын жүргізу үшін жас мамандарды кәсібилікке үйрету болып табылады.
«Қазір біздің еріктілер адамның мінезі мен негізгі қасиеттерін зерттеп жатыр. Қандай адамдар деструктивті, экстремистік ұйымдарға келеді, оларды осындай әрекетке не итермелейді. Жастар арасында олардың ойлау-өрісі қалай қалаптасады, деген мәселелер зерттелуде», - деді Ю.Денисенко.
Директордың айтуынша, жас спикерлер өз білімін қатарластары арасында тәжірибеде қолданады. Ірі өңірлік конференциялардан ауқымы тар шағын шаралар сынды әртүрлі деңгейдегі 150 шара өткізілді. Оған 12 мың адам қатысты.
«Қорытынды шеберлік сыныптары барысында анықталады. Тек қана оқытудың интерактивті әдістері қолданылады», - деді Ю.Денисенко.
Ол айтып өткендей, волонтерлер арасында «Expert of Religion» байқауы өткізілді, оның барысында үздік спикерлер анықталып, жаңа еріктілер ҚХА мен азаматтық қоғам үздіктері арасынан таңдалып алынды.
«Бүгінде біздің командада елдің әр өңірінен келген жас журналистер, дінтанушылар, телогтар, психологтар бар. Біз қозғалыстағы адам санын 50-ге жеткізуді көздеп отырмыз», - деді Ю.Денисенко.
Экстремизм және терроризм сынды жаһандық қауіптермен күрес кезінде барлық шекара мен континенттер қосылған. Осыған орай Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығының 200 балғын пациентіне қайырымдылық шара ұйымдастырылды.
«Дінге осылай қадам жасау үздік нәтиже ғана беріп қоймай, толеранттылық пен діни қоғамның сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді», - деді ол.
Айта кетерлігі, экстремизмнің алдын алу жұмысы Орталық Азиядағы БҰҰ Жаһандық контртеррористік стратегияны жүзеге асыру жөніндегі Бірлескен жоспардың орталық пункті болып табылады.
Қайрат Жандыбаев
Видео: Азамат Әлиева
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді