- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысының аудан әкімдері 2016 жылдың қорытындысы бойынша есеп берді
Ақтөбе облысының аудан әкімдері 2016 жылдың қорытындысы бойынша есеп берді
Өткен жылы өңір өзінің ілгерілемелі дамуын жалғастырды. Елбасының, ҚР Үкіметінің қолдауының арқасында жергілікті атқарушы билік Мемлекет басшысының барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің өсімі бойынша тапсырмасын орындады.
Жекелеген аудандардың кейбір әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарды жүз пайыз орындамағанымен, облыста оң өзгерістерге қол жеткізілді. Белгіленген болжамды көрсеткіштерді орындай алмаудың себептері 12 аудан мен Ақтөбе қаласы әкімдерінің есебі тыңдалған жиналыста егжей-тегжей қаралды.
Сонымен, облыстың дамуына қатысты көкейкесті мәселелер талқыланды. Олар алдымен Президент тапсырмасын орындаумен, халықтың әл-ауқатын жақсартумен, әлеуметтік саланың дамуымен, бұқаралаық спортпен, мәдениетпен байланысты.
Барлық әкімдердің есебін тыңдаған басшысы Бердібек Сапарбаев 2017 жылы экономика мен әлеуметтік саланы одан әрі дамытуды қамтамасыз ету үшін барлық резервтерді анықтап, оларды пайдалануға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
« Көптеген мәселелерде мемлекеттік-жеке серіктестік механизмдерін пайдалануға болады және бұл қажет те, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы, жол құрылысы, халықты жұмыспен қамту, сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерді шешу жұмыстарын күшейте түсу керек. Азық-түлік қауіпсіздігі әлеуетін әрі қарай өсіру және ауылдықтарды жұмыспен қамту мақсатында егіс алқабын, суармалы жерлерді кеңейту, мал шаруашылығы мен егіншілікті дамыту, өндірістік ауыл шаруашылық кооперативтерін құру, ауыл шаруашылығына инвестиция тарту бойынша жобалардың жүзеге асырылуын жандандыра түсу қажет»,- деді Бердібек Сапарбаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2016 жылдың қорытындысы бойынша облыс ауыл шаруашылығында құны 3,2 миллиард теңге болатын 25 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылығы нақты көлемінің көрсеткіші 8,6%-ға, дәнді дақылдың орташа түсімділігі 2,2 есе өсті. Ірі және ұсақ қара мал басы, жылқы, құс саны өсті. 72 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылып, қолданыстағы суармалы жер аумағы 18 600 гектаран асты. Тағы 19,5 мың гектар суармалы жер халықаралық Еуропалық қайта құру және даму және Ислам даму банктерінің көмегімен қалпына келтірілмекші.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды