- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысының Шортанды ауданында заманауи жүзу бассейнi ашылды (ФОТО)
Ақмола облысының Шортанды ауданында заманауи жүзу бассейнi ашылды (ФОТО)
Атап өтейiк аталмыш заманауи бассейн құрылысына облыстық бюджеттен 324 млн.теңге қаражат бөлiнген.
Жүзу бассейнi — спорттық орталық ғимаратында (25х11 м, тереңдiгi — 1,4 м, бөлу жолақтары — 5) уқалау кабинетi, дәрiгер бөлмесi, тренажерлар аумағы, және келушiлерге арналған буфет орналасқан. Мұнда мүгедектердiң де келуiне барлық жағдай жасалған.
Өңiр басшысы бұл тиiстi әлемдiк талаптарға сай салынып жатқан жаңа ғимараттың ауыл тұрғындарын салауатты өмiр салтын ұстануға ынталандыру қажеттiгiн ескертiп, мердiгер компания «Таир» ЖШС өкiлдерiне нысанды 15-20 күн iшiнде толық бiтiрiп, iске қосуды тапсырды.
Әрi қарай облыс әкiмi «Агро Макс Астана» ЖШС-на бас сұқты. Бүгiнгi күнi бұл жерде диiрмен кешенiнiң құрылыс жұмыстары толықтай, ал дайын өнiмдi сақтау қоймасы 70% аяқталған.
Жоба ұн мен кебек өндiруге, сатуға және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеуге арналған. Жалпы құны — 504 млн. теңге.
« Өз жұмысымызды ағымдағы жылдың маусымынан бастаймыз. Сөткесiне 200 тонна өнiм шығаратын боламыз. Бүгiнде бiзде дайын өнiмдi Өзбекстан нарығына шығару үшiн келiсiмiмiз де бар», — дейдi серiктестiк өкiлдерi.
Научный поселкесiнде аймақ басшысы Дамса ауылдық округының тұрғындарын жедел дәрiгерлiк қызметпен қамтамасыз ететiн амбулатория жұмысымен танысты.
Степное ауылында облыс әкiмi «Табигат ТР» ЖШС-да болды. Бұл көкөнiс қоймасы 2016 жылы пайдалануға берiлген. Өткен жылы мұнда алғашқы өнiм жиналып, 3 мың тоннадан астам картоп Астана қаласы мен Ақмола облысының нарығына шығарылыпты.
Бұл жерде кәсiпорын басшысы Владимир Третьяк бизнес-бастаманы жүзеге асыруда өздерiне қолдау бiлдiрген мемлекеттiк органдарға алғысын айтты.
Еске сала кетейiк, жоба құны 208,9 млн. теңгенi құрайды оның 48,8 млн. теңгесi — жеке, ал 160,1 млн. теңгесi — «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы аясында бөлiнген қаражат.
Осы күнi Степной орта мектебiне бас сұққан өңiр басшысы бiлiм ошағының ұстаздарымен және мектеп оқушыларымен де жолықты.
Өзiнiң жұмыс сапары аясында Сергей Кулагин тұрғындарды жеке мәселелерi бойынша қабылдады. Сұрақтар негiзiнен мектептiң күрделi жөнделуi, жұмыспен қамту сияқты әлеуметтiк мәселелердi қамтыды. Барлық сұрақтар бақылауға алынып, нақты жауаптары берiлдi.
Жұмыс сапары соңында аудандық актив жиналысы өтiп, онда Шортанды ауданының 2016 жылғы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындысы тыңдалды.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері