ҚХР делегациясы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында болды

13 Қаңтар, 2017 13:47
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Қытай Халық Республикасының Халық өкілдерінің жалпы қытайлық жиыны (ҚХР ХӨЖЖ) делегациясымен сараптамалық кездесу өтті.

ҚСЗИ-да кездесу аясында тараптар екі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, сарапшылар «Нұрлы жол» қазақстандық бағдарламасын және «Бір белдеу – Бір жол» қытайлық бастамасын дамыту мәселелерін қарастырды. Тараптардың пікірі бойынша, олардың негізі бір.

Кездесу қорытындылары бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісті.  

Барлық жаңалықтар