Ақмола облысындағы шұжық цехы жылына 210 тонна өнім өндіретін болады

13 Қаңтар, 2017 11:52
Ақмола облысындағы шұжық цехы жылына 210 тонна өнім өндіретін болады, деп хабарлады әкімдікте.

75 млн теңгені құрайтын осы жоба 2016 жылғы қарашада пайдалануға енгізілген. Жобалық қуаттылығы жылына 210 тонна өнімді құрайды. Цех ғимаратында кеңсе, жартылай фабрикаттар цехы, термиялық бөлімше, 4 тоңазытқыш камерасы, қаптау учаскесі, қойма, тұрмыстық бөлмелер және Ресей, Түркия өндірісінің жабдығы орналасқан.

Қазіргі уақытта іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өнімді шығару ағымдағы жылғы наурыз айына жоспарланған. Цех Астана және Қарағанды қалаларының, сондай-ақ Ақмола облысы елді мекендерінің нарықтарына өткізу үшін 8 шұжық атауын дайындайтын болады.

Бұдан бөлек, әкімдікте «SC Food» ЖШС ет бағытындағы Ангус асыл тұқымды ірі қара малды өсіру кәсіпорнында ІҚМ басын 2 500 басқа дейін ұлғайту жоспарланғаны атап өтілді. Осылайша, шаруашылықта - 1861 бас, оның ішінде – 1348 сиыр. 

Барлық жаңалықтар