- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында теңдессiз металл қондырғыларын шығаратын зауыт іске қосылды
Ақмола облысында теңдессiз металл қондырғыларын шығаратын зауыт іске қосылды
13 Қаңтар, 2017 10:48
Ақмола облысының әкiмi Сергей Кулагин Ақкөл ауданына барған жұмыс сапары барысында республикадағы жалғыз металл конструкцияларын өндiретiн теңдессiз зауыт қызметiмен танысты,деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
«СП Казахстан ЭХЗ технологии» ЖШС өңiрдегi жаңа кәсiпорын болып саналады. Ол 2016 жылдың қыркүйек айында ғана iске қосылған. Мұнда жерасты мұнай-газ құбырларының антикоррозиялық қорғанысына арналған анодты жерге тұйықтағыштар мен өзге де металл қондырғылары шығарылады. Бұл бұйымдар жер асты құбырларын коррозиядан қорғауға арналған.
« Жоба iске қосылғалы берi 26 млн. теңгенiң өнiмi өндiрiлдi. Кәсiпорынның жобалық қуаттылығы айына 2 мың анодты құрайды. Бүгiнде 8 жұмысшымыз бар», — дейдi Жеңiс Бексұлтан.
Өңiр басшысы өңiрдiң өнеркәсiптiк әлеуетiн арттыратын кез-келген жаңа жобаны қолдайтынын айтты.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері