- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 2016 жылы 300 млн дана жұмыртқа өндірілді
ОҚО-да 2016 жылы 300 млн дана жұмыртқа өндірілді
Олардан өткен жылы 300 млн. дана жұмыртқа, 12,1 мың тонна құс еті алынған. Бүгінде нарықта жоғары сұранысқа ие өнімдер - құс етінің халықты қамтамасыз ету деңгейі 73,7 пайызға, ал жұмыртқамен қамту 75 пайызға жетіп отыр.
Құс еті мен жұмыртқа импортын азайтып, облыс халқын отандық өніммен толық қамтамасыз ету мақсатында облыстың аудан, қалаларынан 2020 жылға дейін орта, шағын 78 құс фабрикаларын ашу жоспарлануда.
Облыста құс шаруашылығының дамуына 2016 жылы мемлекет тарапынан жалпы 2 млрд. 29 млн. 246 мың теңге көлемінде субсидия берілді. Оның 1 млрд. 471 млн. 440 мың теңгесі күрке тауық етіне, 132 млн. 499 мың теңгесі бройлер етін өндіріп, көбейту шаруашылығына берілген. Осы бағыттағы жұмысты одан әрі дамыту мақсатында 2017жылы да шаруаларға 2 млрд. 30 млн. теңгеге жуық субсидия бөлінетін болады.
Өңірдегі құс фермаларының бірқатарына тоқталсақ. Ірі құс фермасының бірі «Ордабасы құс» ЖШС болса, мұнда 648 276 бас күрке тауық өсіріледі. Ал «Инфрастрой ЛТД» ЖШС-інде етті бағыттағы 250 мың бройлер тауығы болса, «Шымкент құс» ЖШС-гі жұмыртқа өндіру бағытындағы 646 900 бас құсты бағуда. Осы сынды 35 құс фермасы сәтті жұмыс жүргізіп, халықты сапалы өніммен қамтып отыр.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
Карантин: Қандай қосымша шаралар қабылданады -
Абай жылының айшықты тұстары