- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Нығматулин Қостанай облысының медицина қызметкерлерімен кездесті
Н. Нығматулин Қостанай облысының медицина қызметкерлерімен кездесті
Өз сөзінде Қазақстанымыздың осы уақытқа дейін жеткен табыстарын сөз ете келіп, Мәжіліс Спикері Елбасы жүктеген жаңа стратегиялық міндеттерге тоқталды.
Себебі, ол міндеттерді жүзеге асыруда халқымыздың денсаулығын, өмірін сақтау жолындағы жауапты міндетті жүктеген медицина қызметкерлерінің үлесі өте зор.
Мәжіліс Төрағасының айтуынша біздің еліміз денсаулық саласында ешбір елден кем емес. Мысалы, республика көлемінде сапалы медициналық қызметтің бірыңғай стандарттары енгізілді, әлемдік тәжірибеге сәйкес медициналық кластерлер құрылды.
Кез-келген науқасты алғашқы күннен анықтауға және алдын-алуға жол ашатын ұлттық скрининг жасау да біздің медицинадағы үлкен жетістік.Жалпы тәуелсіздік жылдарында мемлекет есебінен 1300-ден астам ауруханалар мен басқа да денсаулық сақтау мекемелері салынды.
Жиырма бес жылдың ішінде қазақстандықтардың орташа өмір жасы 70-жастан асты.
Ал, қазіргі жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында өмір жас 82 жасқа дейін ұзармақ.
Н.Нығматулин атап өткендей осының барлығы дені сау ұлт қалыптастыру жолындағы мемлекеттік маңызды бастамалардың жемісі.
Президентіміз өзінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясында және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында денсаулық саласын дамытуға қатысты жаңа міндеттер қойғанын алға тартты.
«Тікелей Президентіміздің тапсырмасымен елімізде әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгенін ерекше атап өту керек. Бұл маңызды бастаманы заң жағынан қолдау үшін Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң жобасы мақұлданған болатын. Бұл егемен еліміз үшін өте маңызды әлеуметтік реформа екені сөзсіз,-деді Мәжіліс Спикері. Ал, жалпы Мәжілісте осы сессияда 81 заң жобасы жұмысқа алынып, оның 51-і мақұлданды.
Ерекше атап өтетін жағдай, 9 заң жобасына депутаттарымыз өздері бастамашы болды.
Бүгінгі күні 42 Заңға Президентіміздің қолы қойылып, өз күшіне енді. Мәжіліс Төрағасы аймаққа сапары барысында «Қостанай мелькомбинаты» акционерлік қоғамының тынысымен танысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады