- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 380 автобусты жаңарту жоспарлануда (ФОТО)
Астанада 380 автобусты жаңарту жоспарлануда (ФОТО)
«Қоғамдық көлік қаланың тұрақты дамуы үшін өте маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта автобустарды кезең-кезеңмен жаңарту жүріп жатыр. Қалалық бағдарларға шығару үшін 270 жаңа қалалық автобусты жеткізу жүзеге асырылатын болады. Бұл шаралар 200-ден астам сәйкес келмейтін автобусты пайдаланудан шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тапсырысты іс-шараларға қызмет көрсететін 110 жұмсақ автобустарды жеткізу жүзеге асырылады», - деп хабарлады Астана әкімі.
Ол жаяу жүргіншілер мен қоғамдық көлік негізгі басымдық болып табылатынын атап өтті.
«Біздің міндетіміз барлық қажетті орындарда тұрақты қамтуды қамтамасыз ету. Біз автобустарды күту уақытын 7-10 минутқа дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Ә. Исекешев.
Сондай-ақ Ә. Исекешев Астанада мектеп оқушыларын тасымалдаудың бағдарлы желісі құрылатынын айтты.
«Бүгінгі күні Астанада 117 мың оқушының 26%-ға жуығы мектепке жеке көлікпен барып жүр, бұл көше-жол желісінің қауырт сағаттарда 13% күнделікті жүктеліміне әкеледі. Балалардың 12%-ы қоғамдық көлікпен жол жүреді. Биылғы жылы жобаны іске асыруды бастау үшін 45 жаңа мектеп автобусын жеткізу жоспарланып отыр», - деп мәлімдеді әкім.
Қайрат Жандыбаев
Сурет Азамат Әлиев
-
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
ЖОО-дағы өзгеріс: Жеке үлгідегі диплом, білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелері -
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс басымдықтары: техникалық жабдықтау және жаңарту -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды -
Қалдықтарды энергияға айналдыру бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарлануда -
Елімізде автобустарды жаңартуға 10 млрд теңге бөлінеді -
Биыл 22,5 млн гектар алаңға егіс егу жоспарлануда - министр -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО) -
Нұр-Сұлтан – Петропавл учаскесін қайта жаңарту жұмыстары биыл күзде аяқталады -
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)