• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Павлодар облысында жетім балаларға пәтер кілттері табысталды

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Павлодар облысында жетім балаларға пәтер кілттері табысталды

12 Желтоқсан, 2013 10:04
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Шарбақты ауданында жетім балаларға арналған жатақхана ашылды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жатақханадағы 13 пәтер жұмыс істейтін жастарға, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, Бағдарламаның қатысушысы атанған жетім балаларға берілді.Пәтер кілттерін Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын табыстады», - делінген хабарламада.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының үшінші бағыты аясында ғимарат қалпына келтірілді.

Пәтер үлгісіндегі жатақхананы іске қосу үшін республикалық бюджеттен 44,0 млн. теңге бөлінсе, соның 36,2 млн. теңгесі жатақханаға, 7,8 млн. теңгесі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Бұдан кейін өңір басшысы Е.Арын жетім балалармен және аудан жастарымен кездесті. Кездесу барысында жұмысқа орналасу, білім мен баспана алу, демалысты ұйымдастыру сияқты мәселелер көтерілді.

 

Барлық жаңалықтар