- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылға қарай Қазақстанда «қағазсыз» ауруханаларға ауысу жоспарлануда - вице-премьер Е.Орынбаев
2015 жылға қарай Қазақстанда «қағазсыз» ауруханаларға ауысу жоспарлануда - вице-премьер Е.Орынбаев
30 Қаңтар, 2013 00:00
Қазақстанда іске асырылып жатқан денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру жобасы 2015 жылы аяқталады, деп хабарлады Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев Денсаулық сақтау министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында.
«Ақмола облысы және Астана қаласы «қағазсыз» аурухана жүйесіне ауысты. Дүниежүзілік банк ауруханаларды ақпараттандыру жөніндегі үлкен жобаны жүзеге асыруда. Жұмыс 2013-2014 жылдары жақсы жүргізілсе. 2015 жылға қарай жаңа жүйеге толық ауысып аламыз», - деді вице-премьер.
Вице-премьердің айтуынша, ақпараттандыру процесі барлық өңірдің облыстық ауруханаларында жүргізіледі.
«Бір облысты немесе облыстың барлық негізгі ауруханаларын таңдау туралы екі нұсқа болды. Нәтижесінде біз, алдымен облыстың бас ауруханасын жаңа жүйеге ауыстырамыз және 2015 жылға дейін қалған ауруханаларды «қағазсыз» жүйеге өткіземіз деп шештік», деді Е.Орынбаев.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады