• Басты
  • 42 500 теңгенің дауы: Төлемақыны кімдер ала алады?
6 Сәуір, 2020 11:27

42 500 теңгенің дауы: Төлемақыны кімдер ала алады?

Елордада өткен баспасөз мәжілісінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алуға құқығы бар азаматтардың санаттарын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

42 500 теңгенің дауы: Төлемақыны кімдер ала алады?

Министрдің айтуынша, 42 500 теңгені алуға мүмкіндік беретін порталдар жұмыс істеп тұр. Бүгінгі таңда 1 млн 284 мың өтініш келіп түскен.

"Қазіргі таңда егов.кз -тегі электронды портал мен еңбек.кз сайтында 42500.еңбек.кз -те жұмыс істеп тұр. Оның дәлелі ретінде соңғы үш күнде келіп түскен 1 млн 284 мың өтінішті атап өтуге болады. Электронды цифрлы кілтінің қажеті жоқ, оны СМС - ке қөпиясөз жіберу арқылы растауға болады. Телеграм-бот та бүгін іске қосылды, ол дайын. Алаяқтар оның жұмысына кедергі келтіргендіктен, жұмысы тоқтап, халықты жаңылыстырды. Министрліктер күні-түні жұмыс істеді. Келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз", - деді министр.  

Біржан Нұрымбетов төлемақы жұмыс істеп, тіршілік жасап жүрген, бірақ төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға қарастырылғанын атап өтті.  

"Біріншісі - мемкемеде, компанияда жұмыс істеп жүрген жалдамалы қызметкерлер. Бұл орта және шағын бизнестің жұмыскерлері және карантин болған жердегі ірі кәсіпкерлік субъектілердің. Егер олардың ақысын төлемей, мәжбүрлі түрде ақысыз демалысқа жіберген жағдайда төлемақы төленеді. Қашықтан жұмыс істеп жүргендерге төлемақы берілмейді. Ал жұмыстан шығып кеткен, қысқарып кеткен азаматтарға сақтандыру қорынан жұмыстан шығу себебіне қарамастан 6 айға дейін төлем қарастырылған", - деді ол. 

Оның сөзінше, екі күн бұрын бұйрыққа өзгеріс енгізілген. Бұдан былай жалдамалы қызметкерлердің қатарына коммерциялық емес ұйымдардың да қызметркерлері кіреді.

Сонымен қоса ол ресми және бейресми жұмыс істеген азаматтардың қандай жағдайда төлемақыға өтініш бере алатынына тоқталды. Оның сөзінше, ресми қызметте болып, әлеуметтік жарналар төтенше жағдайға дейін аударылған болса, 42 500 теңгені алуға мүмкіндігі бар.

"Келесі санатта - жеке тұлғалар, яғни, өз бетінше жұмыс істеп жүргендер. Бұл жерде ресми және бейресми қызмет жасап жүрген азаматтар бар. Ресми жұмыс істеп жүргендер қатарына жеке кәсіпкер, жеке тәжірибемен айналысып жүрген адвокат, нотариустар, медиаторлар, фрилансерлер кіреді. Олар осы төтенше жағдайға дейін тиісті әлеуметтік жарналарын аударған болса, өтініш беруге болады. Бұл қатарға төтенше жағдайға дейін ЕСП бірыңғай жиынтық төлемді аударған азаматтар да жатады", - деді Біржан Нұрымбетов.

Ал бейресми жұмыс істеп, төтенше жағдайға дейін әлеуметтік, зейнетақылық төлемдер төлемеген азаматтар мәртебесін рәсімдеу арқылы төлемақыға ие бола алады.

"Бейресми азаматтар - тіршілігін жасап, күнделікті табыспен отбасын асырап жүргендер.  Бірақ олар ешқашан еңбек шартын жасамаған, салық төлмеген, әлеуметтік төлемдерді, зейнетақылық төлемдерді де төлемеген, ЕСП да төлемеген азаматтар. Бірақ ел президенті бейресми жұмыс істеп жүрген азаматтарға да 42 500 теңгені төлеуді тапсырды. Ол өз үндеуінде сіздерге мәртебелеріңізді бір рет рәсімдеу арқылы ай сайын 42 500 теңгені алуға болатынын айтып өтті. Бір рет рәсімдеу дегеніміз - ЕСП-ні төлеу. ЕСП-ні төлегеннен кейін, порталдар арқылы өтініш бере алады", - деді министр.

Заң бойынша, декретте отырған аналар балалары 1 жасқа толғанға дейін мемлекеттен жәрдемақы алады. Оның сөзінше, олардың да бір жыл өткеннен кейін ЕСП-ны төлеп, 42 500 теңгені алуға өтініш беруге мүмкіндігі бар.

Сонымен қоса ол азаматтарға бірқатар ескерту айтып өтті. Министрдің сөзіне сенсек, 1 млн 284 мың өтініш 938 мың адамнан түскен. Сонда бір адам бірнеше рет өтініш беріп отыр. Ол екі-үш рет өтініш берсек, бірнеше рет төлемақы ала аламыз деген ойдан аулақ болуға шақырды. Себебі оның сөзінше, ақпараттық жүйе оны іріктеп отырады. Бір адамға бірнеше рет берілмейтінін нақтылап айтты. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды