- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин Қостанай облысының еңбек ұжымдарымен кездесті
Н.Нығматулин Қостанай облысының еңбек ұжымдарымен кездесті
Палата Спикері ең әуелі еліміздің машина өндірісіне елеулі үлес қосып келе жатқан «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Кәсіпорын қызметкерлері алдында сөз сөйлеген Н. Нығматулин еліміздің 25 жыл ішінде жеткен жетістіктерін алға тарта келіп, оған қазынасы мол, әлеуметтік-экономикалық қуаты зор, еліміздегі ең ірі астықты орталық – Қостанай облысының қосып жатқан үлесіне де тоқталды.
Аймақта ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген, дихандар да, кеншілер де, металлургтер де бар екенін сөз еткен Мәжіліс Спикері өз сөзінде әрбір отбасының, әрбір шаңырақтың дастарханын толтырып, бірлігі мен берекесін жарастыратын қасиетті нанның ордасы да осы Қостанай екенін алға тартты.
Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында облыста шығатын өнім көлемі 10 миллион теңгені құраса, қазір бұл көрсеткіш 443 миллиард теңгеге жетіп отыр.
Ал, Сарыарқа автопром кәсіпорны 600-ден астам азаматты жұмыспен қамтып, жылына 1500 автокөлік шығаратын деңгейге жеткен.
Экспортқа шығарылатын Қазақстандағы төрт түрлі машинаның үшеуі осы «СарыАрқаАвтоПром» зауытында жасалады.
Мәжіліс Төрағасы сондай-ақ, елімізде жүзеге асырылып жатқан Президентіміздің «Қазақстан - 2050» даму бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының орындалу барысын да назардан тыс қалдырмады.
Осы орайда Мәжілісте атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, маңызды заң жобалары төңірегінде тұщымды әңгіме қозғады.
Кәсіпорын қызметкерлері Мәжіліс Спикеріне еліміздің әлеуметтік, -экономикалық, саяси өміріне қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
«Біздің кездесулер еліміздің жаңа даму белесі басталған маңызды кезеңде өтіп жатыр. Сондықтан, сайлаушыларға Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алға қойған негізгі міндеттер туралы айтылды. Әсіресе, тұрғын үй, денсаулық, еңбек салаларына және оларды заң жағынан қолдауға көңіл бөлінді. Осы жолда айтылған барлық ұсыныстарға, пікірлерге алдағы заң шығару жұмысында ерекше назар аударылады»,-деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері