• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Тәжин ҚР Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

М.Тәжин ҚР Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

12 Қаңтар, 2017 12:23
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев М.М. Тәжинді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

«Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын», - делінген  Жарлықта.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылды.

Барлық жаңалықтар