- Басты
- Жаңалықтар
- Астанаға 2017 жылы өңірлерден 158 064 тонна азық-түлік жеткізу жоспарланған
Астанаға 2017 жылы өңірлерден 158 064 тонна азық-түлік жеткізу жоспарланған
«ЭКСПО көрмесі қарсаңында қала әкімдігі өзге аймақтармен жеткізілетін өнімдердің көлемі бойынша келісімге келді. Облыстардың мәліметінше, қалаға 158 064 тонна азық-түлік жеткізілмек. Ол көліктерді қабылдау үшін екі арнайы алаң белгіленді», - делінген хабарламада.
«Қазіргі кезде көрмені өткізу кезінде логистиканы ұйымдастыру мәселесі пысықталып жатыр. Тауардың белгілі бір қоры, сақтау мәселесі де қаралуда», - деді қала әкімі. Мұнымен қоса, Астанада жұмыс істеп тұрған қуаттылығы 8 000 тонналық көкөніс сақтау орны базасында, «Алтай» КЛО және Continental Logistics ЖШС-да мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында «Астана» ӘКК» ҰК» АҚ қатысуымен 3 көтерме-тарату орталығы құрылады. Бұл әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын реттеуге, тауарлардың сапасын бақылауға, жеткізілімдерді есепке алуға, кепілді сатып алуға мүмкіндік береді.
Бүгінде оны «АЛАЙ» көпфункционалды көліктік-логистикалық кешені ( ашық сауда алаңдары - 25 мың шаршы метр, жүк көліктерінен сауда жасауға арналған асфальт төселген алаң - 30 мың шаршы метр) базасында құру бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.
«Қаланың жеткізілетін тауарларға тәуелді екенін ескерсек, инфрақұрылымды дамыту және азық-түлік өнімдерін сақтау мен шығару мәселесіне көңіл бөлу керек»- деді Исекешев.
Бұдан басқа, Астанада қуаттылығы жылына 1 800 мың тоннаны құрайтын 1 жылыжай жұмыс істейді. Қуаттылығы 4850 тонна болатын тағы 2 жылыжай салынуда. Қуаттылығы жыылына 7000 тоннаны құрайтын тағы 3 нысан жобалану үстінде. Сондай-ақ жалпы сақтау көлемі 42,8 тонналық 8 көкөніс сақтау орны бар, жалпы сақтау көлемі 34,5 мың тоннаны құрайтын 9 нысан жобаланып жатыр.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Абай жылының айшықты тұстары -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Дін көшбасшыларының тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі қандай -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді