- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да жылына 5 мың дана жиһаз шығаратын кәсіпорын іске қосылды (ФОТО)
ОҚО-да жылына 5 мың дана жиһаз шығаратын кәсіпорын іске қосылды (ФОТО)
Өңір басшысы облыста құрылған барлық индустриялды аймақтарда экономикасын әртараптандыру мен кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан тиісті жағдайлардың жасалғандығын жеткізді.
«Аумағы 89 га құрайтын «Тассай» индустриалды аймағында 24 инвестициялық жоба қолға алынуда. Солардың бірі – «Мега Смарт» ЖШС-ның МДФ жылтыр плитасын және жиһаз шығаратын зауыты. Осы жоба бойынша облысқа 545 млн.теңге инвестиция тартылып, 69 адам тұрақты жұмыспен қамтылды» – деді Жансейіт Қансейітұлы.
Оңтүстік Кореяның технологиясымен жабдықталған кәсіпорын 3D форматындағы жылтыр тақталарды дайындайды. Жылына 72 мың МДФ панелдерін және 5000 дана жиһаз шығарады. Кеңселерге және білім беру мекемелеріне қажетті жиһаздар жасайды. Дайын тауарға жұмсалатын шикізаттың 94 пайызы жергілікті өнім. Оның қатарында мақта талшығы да қолданылады.
«Мега Смарттың» өнімдеріне Қазақстанда сұраныс жоғары. Жылтыр тақталарды Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне экспорттауға келісімшарттар жасалуда. Сондай-ақ, Ресей елімен де келісім бар.
Зауыттың қазіргі таңда Алматы, Қызылорда, Қостанай және Павлодар қалаларында арнайы өкілдіктері жұмыс жасайды. Алдағы уақытта еліміздің қалған өңірлерінде де өкілдіктерін ашу жоспарланып отыр.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр