- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО әкімі денсаулық сақтау саласында жүйелі жұмыс орнатуды тапсырды
ОҚО әкімі денсаулық сақтау саласында жүйелі жұмыс орнатуды тапсырды
Атап айтқанда, өңір басшысы денсаулық сақтау саласының басшылық құрамына облысымыздағы ана мен бала өлімі индикаторын азайтып, аса қауіпті жұқпалы аурулардың белең алмауына күш салуды тапсырды. Сонымен бірге міндетті әлеуметтік- медициналық сақтандыру полисін енгізуге даярлық жұмыстарын жеделдетуді ескертті. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының өңірде сапалы, әрі тиісті мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді жүктеді.
«Денсаулық сақтау саласында халыққа сапалы медициналық көмек көрсету өте маңызды міндет. Бұл ретте облыстан базалық орталық құрып, тәжірибе алаңдарын жетілдіре түсуге тиіспіз. Сонымен бірге өңіріміздегі медицина саласындағы маман тапшылығын жойып, жас дәрігерлерді ауылды жерлерге тартуды жүйелеу қажет. Сондай-ақ шетелдік медициналық ұйымдармен әріптестік ынтымақтастықта тәжірибе алмасу арқылы сапалы қызмет көрсетуге көшу – заман талабы», - деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.
Айта кетейік, бүгінде облысымызда 7 мың жоғары санаты дәрігер мен 24 мыңға жуық орта буынды маман жұмыс істейді. Ал, медицина саласындағы жалпы қызметкерлердің саны 100 мыңнан асады. Ендігі жерде жұмыла жұмыс істеуге шақырған өңір басшысы биылғы жылы облысымыздан жеке меншік негіздегі онкологиялық аурухана мен тубдиспансердің құрылысы қолға алынып отырғанын айтты.
Жиында сала мамандарының жалақы мәселесі де сөз болды. Бұл ретте облыс басшысы арнайы бағдарлама даярлап, мамандардың шетелге шығып, тәжірибе алмасуын жүйелеуді тапсырды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды