- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың жаңа теміржол вокзалы 80 пайызға дайын - ҚТЖ
Астананың жаңа теміржол вокзалы 80 пайызға дайын - ҚТЖ
Primeminister.kz хабарлағандай, аталған жобаларды іске асыру барысы жайлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қ. Алпысбаев баяндады. Ол қазіргі таңда Астананың вокзал кешенінің және теміржол торабының әзірлігі 80% құрайтынын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта бетон жұмыстары, ғимараттың металл қаңқасын құру, шатыр жұмыстары, ғимараттың жылыту бөлігінің қасбеттерін қаптау аяқталды, орталықтан жылыту іске қосылды.
Кірме теміржол эстакадасында металл аралық құрылыстарын құру аяқталды, шуылдан қорғау экранының тірек бөліктері мен металл құрылыстарын монтаждау соңына таяп қалды, жолдың жоғарғы құрылысы салынып жатыр.
Вокзалдың карниздерін қаптау жұмыстары, вокзалдың жылытылмайтын бөлігінің қасбеттерін әрлеу, ауа алмастыру жүйесін монтаждау, сыртқы электрмен қамту жұмыстары 90% аяқталды.
Вокзал ғимаратының ішіндегі әрлеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.
2017 жылдың 1 мамырына қарай вокзал ғимаратындағы лифттер мен эскалаторларды монтаждау, іске қосу және жөндеу, төңіректі абаттандыру және көгалдандыру, сонымен қатар әрлеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.
Елорданың жаңа теміржол вокзалы аумағындағы инженерлік коммуникациялар мен жол құрылысы жұмыстарының барысы туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхаметов есеп берді.
Сондай-ақ, мердігер ұйымдардың басшыларының құрылыс-монтаждау жұмыстарын атқару, жаңа теміржол вокзалын пайдалануға беру қызметінің жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Аталған нысан құрылысында шамамен 1 150 адам жұмыс істейді. Астананың жаңа теміржол вокзалының өткізу қабілеті – тәулігіне 35 мың жолаушы.
Көшпелі кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин вокзал кешені мен Астана станциясының теміржол торабы құрылысын аяқтауға байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Ол аталған нысандардың Халықаралық ЭКСПО көрмесі қарсаңында сапалы әрі уақытылы тапсырылуының маңыздылығын айтып өтті.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары