- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің стратегиялық перспективаларын айқындау қажет
Н. Назарбаев: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің стратегиялық перспективаларын айқындау қажет
Кездесу барысында Мемлекет басшысына холдингтің 2016 жылғы қызметінің қорытындысы жөніндегі есебі және одан әрі даму жоспары ұсынылды.
Е.Досаев өз сөзінде акционерлік қоғамның активі 4 трлн 100 млрд теңгеден асып, таза табысы 30 млрд теңгені құрап отырғанын айтты.
Сондай-ақ, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Мемлекет басшысын «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының жұмысы жайлы және еліміздегі экономикалық ахуал мен Ұлттық банктің жаңа монетарлық саясатын ескере отырып, холдингтің стратегиялық дамуына өзгерістер енгізуге арналған жоспарлары жөнінде хабардар етті.
Қазақстан Президенті холдингтің еліміздің экономикасы үшін маңызы зор жобаларды іске асыру барысындағы рөлін атап өтті.
"Холдингтің алдына әуел бастан ірі жобаларды несиелеу жөнінде міндет қойылған. Алайда, экономикалық дағдарыс жағдайында «Бәйтерекке» көптеген түрлі қосымша тапсырмалар берілді. Осыған байланысты қазір оның бұдан арғы қызметінің стратегиялық перспективаларын айқындау қажет", – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады