- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Универсиада кезінде этно-фестиваль өтеді
Алматыда Универсиада кезінде этно-фестиваль өтеді
Алматы қалалық әкімдігі Қысқы Универсиада қарсаңында болатын мәдени шаралардың тізімін бекітті. 29 қаңтар - 8 ақпан аралығында қаладағы барлық мәдени орындарда шаралар өткізіледі.
Алатау театрында «Жер жаннаты Жетісу», «Інжу-Маржан», «Ағажай, Алтайдай жерқайда...» ұлттық музыкалық концерт өтеді. Қазақ мемлекеттік циркінде де спорт тақырыбындағы қойылымдар халықаралық спорттық шара біткенше жалғасады. Абай атындағы опера және балет театры мен Лермонтов атындағы Орыс драма театрында әлемге белгілі өнер туындыларының концерті өтеді.
Сондай-ақ, кітапханалар мен мұражайларда виртуалды слайд-саяхаттар, спорт жұлдыздарымен кездесу өтеді.
Сондай-ақ, 4 кезеңнен тұратын «Балалар әлемді біріктіреді», «Спорт әлемді біріктіреді», «Шығармашылық әлемді біріктіреді», «Универсиада сәттері» шеберлік сыныптары мен көрмелер Халық аренасы, Алматы аренасы, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы, Республика сарайы маңындағы алаң т.б.спорт нысандарында ұйымдастырылады.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында орган музыкасы мен үрмелі аспаптар музыкасы қалықтайтын болады.
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Шомылу маусымы кезіндегі қауіп-қатер мен өрт қаупін алдын алу шаралары -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады