Астанада үлескерлік құрылыс порталы іске қосылды

11 Қаңтар, 2017 14:36
Астана қаласының әкімдігі үлескерлік құрылыс порталын әзірледі.

Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, үлескерлік құрылыс туралы жаңа заңды тиімді іске асыру және жүргізіліп жатқан жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін үлескерлік тұрғын үй құрылысына қатысатын азаматтарға ақпаратты түсіндіруге бағытталған үлескерлік құрылыс порталы әзірленген.

Ақпараттық ресурс құрылысшылар мен үлескерлерге арналған барлық қажетті ақпаратты ұсынады. Сонымен бірге, қаланың үлескерлік құрылысының барлық нысандарын көрсететін бірыңғай карта жарияланған. Карта екі бағытты қамтиды: проблемалық нысандар және жаңа заңнама нормалары бойынша салынып жатқан нысандар. Сондай-ақ, порталды пайдаланушылар нысанның мәртебесімен танысып, құрылыс жұмыстарының барысы мен кезеңдері туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар азаматтармен тығыз өзара іс-қимыл жасау үшін портал проблемалық нысандар бойынша меншік иелерінің өтініштерін де қабылдайтын болады.

Порталдың негізгі артықшылықтары: азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру, ашықтықты қамтамасыз ету, ТК нысандары туралы өзекті ақпаратқа қолжетімділік, барлық өтініштердің бірыңғай дерекқорына қолжетімділік, пайдаланушылардың барлық санаттары үшін түсінікті интерфейс. 

Барлық жаңалықтар