- Басты
- Жаңалықтар
- ЖҚЖК: 2016 жылы 18 мың қарағандылық жұмыспен қамтылған
ЖҚЖК: 2016 жылы 18 мың қарағандылық жұмыспен қамтылған
2016 жыл ішінде Қарағанды қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 22 223 адам жүгінген, оның ішінде 18 168 адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастырылған, бұл өтініш білдірген азаматтар санының 81,8%-ын құрайды.
Жұмыспен қамтылғандардың арасында басым көпшілігі жұмыссыз азаматтар – 11 716 адам, бұдан бөлек, өзін-өзі жұмыспен қамтыған – 3 998 адам, жастар – 7 060 адам, әйелдер – 9 122 адам, мүгедектер - 223 адам, босатылған жұмыскерлер - 369 адам, аз қамтамасыз етілгендер – 23 адам.
Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді көздейтін «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша бағдарламаның 10 қатысушысына 29 млн теңге сомасына шағын несиелер берілген.
Өткен жылы кәсіптік оқуға 599 адам жіберілген. Жасалған шарттарға сәйкес қаланың 88 ұйымы мен кәсіпорнында 395 жас маман «Жастар практикасына» орналастырылған.
Бекітілген тізбеге сәйкес қаланың 30 кәсіпорны мен ұйымына жұмыссыз азаматтар арасынан 449 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілген.
Бұдан бөлек, әкімдікте атап өткендей, жұмыссыз азаматтардың ықтимал жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуы, Қарағанды қаласындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында 2016 жылдың басынан бері 4 бос қызмет орындары жәрмеңкесі өткізілген. Жәрмеңкелерге қаланың 195 кәсіпорны және 2498 астам адам қатысқан, олардың 736-сы жұмыспен қамтылған.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты