• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында үй құрылысы комбинатының құрылыс мерізімін 1,5 есе қысқартады

Ақтөбе облысында үй құрылысы комбинатының құрылыс мерізімін 1,5 есе қысқартады

11 Қаңтар, 2017 10:51
Ақтөбе облысында үй құрылы комбинатының әдеттегі құрылыс мерізімін 1,5 есе қысқартады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бердібек Сапарбаев Мәжіліс депутаттарына олар тарапынан облыстың  ықпалдастық күтетін бірқатар мәселелерін айтты және  аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы хабарлады. Ол экономикалық дағдарысқа қарамаста, 2016 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті биліктің ел Президентінің тапсырмаларын барлық әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштерді өсіру бойынша толық орындағанын атап көрсетті.

Жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бойынша 29 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Индустриальдық Карта аясында 6 млрд теңгенің 3 жобасы енгізілді, оның ішінде үй құрылысы комбинаты пайдалануға берілді. Оның қуаты «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тез тұрғызылатын  тұрғын үй бойынша қанатты жобаларды жүзеге асыруға ықпал етпек. Бұл ұсыныс ҚР Үкіметі тарапынан қолдау тапты. Үй құрылы комбинатының әдеттегі құрылыс мерізімін 1,5 есе қысқартатынын атап айту керек. 2016 жылы облыста барлығы 616 мың шаршы метр немесе 5 мың пәтер пайдалануға берілді. 

2016 жылы ауыл шаруашылығы саласында 3,2 миллиард теңгенің 25 инвестициялық жобасы жүзеге асырылды. Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының нақты көлемі 8,6%-ға ұлғайды, дәнді дақылдар бойынша орташа өнімділік  2,2 есеге артты.

Ірі қара мен ұсақ малдың, жылқы мен құстың басы артты. Пайдаланылатын суармалы жерлердің көлемі 18 600 гектарға ұлғайды. Тағы да 19,5 мың гектар жер халықаралық банктер — Еуропалық қайта құрылымдау және даму банкінің және Ислам даму банкінің қолдауымен қалпына келтірілетін болады.   

Жыл ішінде өңіраралық кооперацияны дамыту нәтижесінде көптеген азық-түлік өнімдерінің бағасын елеулі түрде төмендетудің мүмкіндігі туды, осы ауқымда облысқа былтыр сырттан 4,3 миллиард теңгенің 21 мың тонна өнімі жеткізіліп, облыстан 8,9 миллиард теңгенің 45 мың тонна өнімі жіберілді. 

Өңір басшысы сондай-ақ әлеуметтік саланы, медициналық кластерді дамыту, экологиялық ахуалды жақсарту, елді мекендерді көркейту, инженерлік желілер, көлік инфрақұрылымдары құрылысы мен жөндеу бойынша жұмыстар жөнінде хабардар етті.

Ол ағымдағы жылы 401,5 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отырғанын атап көрсетті (2015 жылы 171,8 шақырым жол жөнделді). Оңтүстік айналымдағы 0-21,5 километр, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты жол өткелі құрылысы басталады. Сондай-ақ ағымдағы жылы 15 мыңдай ақтөбелік жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алады.

2016 жыл облыс үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті белсенді жүзеге асыру кезеңі болды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бірқатар маңызды әлеуметтік нысандар құрылысы басталды, оның ішінде 2 мектеп және бірнеше құрылыс пайдалануға берілді. 2017 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 22 миллиард теңгенің 24 нысаны іске қосылатын болады.

«Біз Президентіміздің тапсырмаларын орындау үшін алда да бар күш-жігерімізді жұмсап, қолда бар резервтерді пайдаланатын боламыз»,— деп түйіндеді жиынды Бердібек Сапарбаев. 

 

Барлық жаңалықтар